Текст
21.10.2021
19.10.2021 Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беру мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "БП Қазақ жастарында патриотизм сезімі бар деп есептейді" атты тақырыбында "Дарын" клубының дебат ойыны өтті. Мектеп оқушылары берілген тақырыпты қызу екі жақты талқылап, өз ойларын ашық жеткізе білді. Дебат клубының жетекшісі: Харагиз Ақбота Омирханқызы
20.10.2021
"Алтын күз"-интерактивті ойынын 7"А"сыныбында сынып жетекшісі Жакутова Баян Едигиновна өткізді. Мақсаты: Балалардың күз жайында алған білімдерін тиянақтай отырып, мерекені сезінуге, әрі мерекеге арнап жаттаған тақпақтарын мәнерлі етіп айтуға үйрету. Мерекеде өздерін дұрыс ұстауға тәрбиелеу. Әуенге қосылып ән айтып, көңіл- күйлерін көтеріп мерекеде өздерін еркін сезінулерін ұйымдастыру.
20.10.2021
"Күз-береке,молшылық"!атты сыныптан тыс іс-шарасы.Өткізген: 1"А"сыныбының жетекшісі Омарова Несібелді Қыстаубайқызы.
https://www.instagram.com/p/CVCGQS7ImY7/?utm_source=ig_web_copy_link
19.10.2021
"Алтын күз"-5б және 6б сынып жетекшілері Вист Галина Фридриховна мен Абеуова Әсел Хасымовна өткізген сыныптан тыс іс-шара.
https://www.instagram.com/p/CVCPeExDeQz/?utm_source=ig_web_copy_link
15.10.2021
"Күз мерекесі" сыныптан тыс-шарасын 4"Ә" сыныбының жетекшісі Қалмурзина Гүлім Маратқызы өткізді.
https://www.instagram.com/tv/CVCX5UQjjMU/?utm_source=ig_web_copy_link
14.10.2021
Мектебімізде "Қыз-Жібек" клубының мүшелері Сүлейменова Зарина,Тұяқ Айғаным және мектеп президенті Аманжол Аяжан 5-6 сынып оқушы қыздарының қатысуымен "Инабатты қыз-өмір көркі" атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаттары: 1. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету; 2. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу; 3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, маркер. Қазағымызда ежелден келе жатқан нақыл сөз бар "Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі" деген. Түбі терең сөздердің мағынасы мол. Егер әрбір сөзде жеке жеке талдасақ сөздік қор жетпей қалады. Мақалдың мәні кыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, ақылдылығын, инабатты да ибалылығын, құндылығын дәріптейді. Қазақ қашанда қыздың ар ұятын жоғары қойған. Ешқашан қызды есік көзіне отырғызбай төріне шығарып сыйлаған халық. Қызды халықтың, ел жұрттың бет-бейнесіне теңеген. "Қызға тырық үйден тыйым", "Қыздың жолы- жіңішке" "Қыз қонақ", деген нақыл сөздер де қызды тәрбиелікке шақырады.
https://www.instagram.com/tv/CVACQqsj4QZ/?utm_source=ig_web_copy_link
13.10.2021
11 қазан-Халықаралық қыздар күні. 11 октября-Международный день девочек. Әрбір ана қыз баласын елге сыйлы,өнегелі,кішіге үлгі болатындай,әркез жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен болады. Өнегелі,тәрбиелі қыз бала қандай болу керек? Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар –болашақ ана,бақыт-байлық ошағы,адамзаттың өсіп-өркендеп,тәлім-тәрбие алатын қасиетті ұясы.Рухани байлығы –білім мен тәрбие. Киім киісі,жүріп-тұрғаны көңілге қонымды,күнделікті сабағын тиянақты оқып жүретін оқушыны ұстазы да,ата-ана да мақтаныш тұтады.
https://www.instagram.com/tv/CU5dQfXj7Kb/?utm_source=ig_web_copy_link
12.10.2021
11қазан-Халықаралық қыздар күні мектебімізде сынып сағаттары,медбикемен кездесу,әлеуметтік педагогпен дөңгелек үстел өткізілді. 11ноября-Международный день девочек.В нашей школе проведены классные часы,встреча с медсестрой, круглый стол с соцпедагогом школы. Бұл халықаралық мереке 11 қазан күні атап өтіледі. Оның мақсаты - қыздар кездесетін мәселелердің шешу жолдарын табу, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту маңыздылығы туралы ескерту. 1995 жылы Пекинде (Қытай) өткен әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда Пекин декларациясы мен әйелдер құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша нақты іс-қимылдар бейілділігін растайтын Іс-қимылдар тұғырнамасы қабылданған болатын.
11.10.2021
Мектебімізде бүгін тарих және география пәндерінің әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің бастауымен "Асыл қариялар"атты қарттармен кездесу, дөңгелек үстел өткізілді. «Қарты бар үйдің қазынасы бар,» - дейді қазақ. Расында да солай, ата-әжесі бар үйде береке мен молшылық бар сияқты. Үйіне түсетін кісі де көп, қонақ та толы. Әр күндері мереке болып өтеді. Ал ол кісілердің тәрбиесін, үлгі-өнегесін алып өскен бала қандай тәрбиелі, дана болып өседі. «Көп қарттың ортасында жүрген дана болар» дейді. Атасының қасында жүріп ескінің әңгімесін тыңдап, қамшы өрсе, бір бауын ұстап отырса, бойына қаншама рухани әрі дағдылық қасиеттерді сіңіреді. Сол сияқты әжесінің айтқан ертегі-әңгімелері арқылы жақсы мен жаманды, өтірік пен шындықты, ақ пен қараны ажыратуды үйренеді. Баламен отырып әңгілескеннің өзі тәрбиедегі ең маңызды құрал болып табылады: баланың айналасындағыларға деген сенімін оятады, тілін дамытады, тілі арқылы ой-өрісін, интеллектісін арттырады. Бастысы баланың қоршаған ортаға үйренісіп, жақсы қарым-қатынасқа түсу дағдысын қалыптастырады. Ата мен әженің «мектебінен» шыққан балалар өмірде рухани жағынан мықты болып келеді: жүрегі жұмсақ, қоршаған ортаға қамқор, мейірбан кісілер болып ержетеді.
11.10.2021
Мектеп кітапханашысы Маренова Жанар Кеңшілікқызы Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай кітап көрмесі мен 7 а сынып оқушылармен әдеби квест өткізді. Мақсаттар: - логикалық ойлауды дамыту; - әдеби шығармалар туралы білімдерін тексеру; - орыс және шетел әдебиетіне деген эмоционалды-құндылық көзқарасты тәрбиелеу; - оқушының сөйлеу әрекетінің кейбір түрлерін жетілдіру (тыңдау, сөйлеу); - әдеби шығармаларды оқуға қызығушылықты дамыту; - команда құру, - көшбасшыларды анықтау. Квест, немесе шытырман ойын- ойыншыдан ертегі бойынша алға жылжу үшін психикалық мәселелерді шешуді талап ететін ойындардың негізгі жанрларының бірі. Сюжетті алдын ала анықтауға болады немесе ол көптеген нәтиже бере алады, оны таңдау ойыншының әрекетіне байланысты.