"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мектебімізде "Қыз-Жібек" клубының мүшелері Сүлейменова Зарина,Тұяқ Айғаным және мектеп президенті Аманжол Аяжан 5-6 сынып оқушы қыздарының қатысуымен "Инабатты қыз-өмір көркі" атты дөңгелек үстел өткізді. Мақсаттары: 1. Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету; 2. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу; 3. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, маркер. Қазағымызда ежелден келе жатқан нақыл сөз бар "Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе - жердің көркі" деген. Түбі терең сөздердің мағынасы мол. Егер әрбір сөзде жеке жеке талдасақ сөздік қор жетпей қалады. Мақалдың мәні кыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, ақылдылығын, инабатты да ибалылығын, құндылығын дәріптейді. Қазақ қашанда қыздың ар ұятын жоғары қойған. Ешқашан қызды есік көзіне отырғызбай төріне шығарып сыйлаған халық. Қызды халықтың, ел жұрттың бет-бейнесіне теңеген. "Қызға тырық үйден тыйым", "Қыздың жолы- жіңішке" "Қыз қонақ", деген нақыл сөздер де қызды тәрбиелікке шақырады.

14.10.2021
Просмотров: 1158


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст