"Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім
беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение
Общеобразовательная школа села Жалгизкудук
отдел образования по Целиноградскому району
управления образования Акмолинской области"
Мектебімізде бүгін тарих және география пәндерінің әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің бастауымен "Асыл қариялар"атты қарттармен кездесу, дөңгелек үстел өткізілді. «Қарты бар үйдің қазынасы бар,» - дейді қазақ. Расында да солай, ата-әжесі бар үйде береке мен молшылық бар сияқты. Үйіне түсетін кісі де көп, қонақ та толы. Әр күндері мереке болып өтеді. Ал ол кісілердің тәрбиесін, үлгі-өнегесін алып өскен бала қандай тәрбиелі, дана болып өседі. «Көп қарттың ортасында жүрген дана болар» дейді. Атасының қасында жүріп ескінің әңгімесін тыңдап, қамшы өрсе, бір бауын ұстап отырса, бойына қаншама рухани әрі дағдылық қасиеттерді сіңіреді. Сол сияқты әжесінің айтқан ертегі-әңгімелері арқылы жақсы мен жаманды, өтірік пен шындықты, ақ пен қараны ажыратуды үйренеді. Баламен отырып әңгілескеннің өзі тәрбиедегі ең маңызды құрал болып табылады: баланың айналасындағыларға деген сенімін оятады, тілін дамытады, тілі арқылы ой-өрісін, интеллектісін арттырады. Бастысы баланың қоршаған ортаға үйренісіп, жақсы қарым-қатынасқа түсу дағдысын қалыптастырады. Ата мен әженің «мектебінен» шыққан балалар өмірде рухани жағынан мықты болып келеді: жүрегі жұмсақ, қоршаған ортаға қамқор, мейірбан кісілер болып ержетеді.