Текст
22.09.2021
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Электр қауіпсіздігі-өмір талабы" ақпараттық сағаттар өткізілді. Мақсаты: оқушыларға электр тоғы туралы түсінік беру. Электр тоғының қауіпті екенін және олармен қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндіру.Электр қауіпсіздігі бойынша әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыру. Қазіргі кезде адам өмірін электр қуатынсыз елестету қиын, ал оның қауіпсіздігін сақтамау онан да қиын жағдайға әкеліп соқтырары сөзсіз, сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтай білу өзіңнің өміріңді сақтандырумен барабар. Соңғы кездері балалардың үзілген электр сымдарына ұрынып қалуы жиі байқалады. Дерек көздеріне жүгінсек, электр тогынан жарақат алушылардың саны жыл сайын арта түсуде, яғни жарақаттанушылардың үштен екі бөлігі осы топқа жатады. Балалардың электр тогымен жарақаттануының алдын алу үшін төмендегі ережелерді білулері керек: электр сымдары өтетін үй-жайлардың шатырына шығуға болмайды; электр сымдары тартылған бағаналарға шығуға болмайды; элетр сымдары тартылған бағаналардың астында отыруға, дем алуға, аялдауға болмайды; көшеде жанып тұрған электр шамдарын қиратуға және тіректердегі ажыратқыштарды сындыруға болмайды; электр сымдарына бір нәрсені іліп қоюға, лақтыруға болмайды.
https://www.instagram.com/p/CUHP6CJD4p2/?utm_source=ig_web_copy_link
21.09.2021
"Жалғызқұдық ауылының ЖОББМ"КММ ұлы Ыбырай Алтынсаринның 180-жылдығына орай онкүндіктің ашылу салтанаты өз бастамасын алды. Ы.Алтынсаринның шығармашылығына арналған іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Ыбырай Алтынсарин-қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері. 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысы Затоболск ауданында дүниеге келген. Алтынсариннің әкесі сауаты аз, еңбекқор шаруа болған. Оның анасы Айман (кейбір деректер бойынша Аймен) Арғын руынан Шеген есімді бишінің қызы болған. Ол сауатты адам, көптеген халық ертегілері мен әндерін білетін. Ибраһимнің анасы оған ерте жастан халық ертегілері мен әндерін үйреткен.
https://www.instagram.com/tv/CUDNk-_Iysu/?utm_source=ig_web_copy_link
17.09.2021
Республикалық сенбілік 7-11сыныптарға 16.09.2021ж
14.09.2021
Мектеп асханасының жұмыс кестесі
13.09.2021
Отбасы күніне арналған ашық сабақтар
10.09.2021
Ахмет Байтұрсынов 150жылдығы мерейтойына орай 8-11сынып оқушылар арасында шығармашылық челлендж
10.09.2021
КММ Жалғызқұдық ауылының ЖОББМ-де "Мемелекеттік тіл-менің тілім" атты іс-шараға 5-9сынып аралығында үш тілде өлеңдер челледж өтті
10.09.2021
Тілдер мерекесі Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан халқы тілдерінің онкүндік шеңберінде Ахмет Байтұрсыновтың -150жылдық мерей тойына орай сынып сағаттары ұйымдастырылды
07.09.2021
"Мектепке жол" акциясы "Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
22.07.2021
Ата-аналар назарына! Төтенше қызметтер!