"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2022 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Жалғызқұдық  ауылының  жалпы орта  білім беретін мектебі" КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп 2022 жыл.

 

  1. Жалпы ережелер

«Ақмола облысының білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша  білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Жалғызқұдық ауылы Бурбах Давид Вильгельмович  көшесі, 42.  Байланыс нөмері: 8(71651) 35-387,  35-305

      2. Мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтер:

Жалғызқұдық  ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебінде 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2022 жылы Жалғызқұдық  ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебінде 53 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

         1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – барлығы 32 көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

- оның ішінде Электронды үкімет порталы арқылы -5;

- оның ішінде электрондық нұсқада - 26 қызмет;

- оның ішінде қағаз жүзінде-1 қызмет.

         2) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау – барлығы 2 көрсетілген мемлекеттік қызмет болған жоқ.

- оның ішінде электрондық нұсқада - 0 қызмет;

- оның ішінде қағаз нұсқада-0 қызмет.

         3) білім беру оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – барлығы   18 көрсетілген мемлекеттік қызмет:

- оның ішінде Электронды үкімет порталы арқылы -3;

- оның ішінде электрондық нұсқада - 6 қызмет;

- оның ішінде қағаз жүзінде-9 қызмет.

         4) негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 3 көрсетілген мемлекеттік қызмет.

-  оның ішінде Электронды үкімет порталы арқылы -3;

- оның ішінде қағаз жүзінде-0 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

2021 жылы Жалғызқұдық  ауылының  жалпы  орта білім беретін мектебінде 84 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  1. бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – барлығы 59 көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

- оның ішінде электрондық нұсқада - 36 қызмет;

- оның ішінде қағаз жүзінде-23 қызмет.

  2) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау -  барлығы – 2 көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

- оның ішінде электрондық нұсқада - 0 қызмет;

- оның ішінде қағаз нұсқада - 2 қызмет.

         3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау – барлығы 1 көрсетілген мемлекеттік қызмет:

- оның ішінде электрондық нұсқада - 1 қызмет;

- оның ішінде қағаз түрінде-0 қызмет.

         4) білім беру оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – барлығы 21 көрсетілген мемлекеттік қызмет:

- оның ішінде электрондық нұсқада- 16 қызмет;

- оның ішінде қағаз жүзінде-5 қызмет.

         5) негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 1 көрсетілген мемлекеттік қызмет.

- оның ішінде электрондық нұсқада-1 қызмет;

- оның ішінде қағаз жүзінде-0 қызмет. 

- оның ішінде қағаз жүзінде-0 қызмет. 

 

 

 

Сұранысқа ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Білім беру саласында ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"- 21

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" – 30

  

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат Жалғызқұдық  ауылының  жалпы  орта білім беретін мектебінің ресми интернет ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2022 жылы Жалғызқұдық  ауылының  жалпы орта  білім беретін мектебі  БАҚ және әлеуметтік желілерде 1 мақала жарияланды.  Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және жылдамдату нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 жеделдетілген мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР БҒМ ММ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді, онда қолжетімді 3 мемлекеттік қызмет бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен, қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген қызметкерлер көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында барлық бақылау іс-шаралары ҚР заңнамасын сақтай отырып, мерзімінде орындалады.

    2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Жалғызқұдық  ауылының  жалпы орта  білім беретін мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

 

Мектеп директоры:         Аманбаева Р.К.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст