"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Электр қауіпсіздігі-өмір талабы" ақпараттық сағаттар өткізілді. Мақсаты: оқушыларға электр тоғы туралы түсінік беру. Электр тоғының қауіпті екенін және олармен қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндіру.Электр қауіпсіздігі бойынша әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыру. Қазіргі кезде адам өмірін электр қуатынсыз елестету қиын, ал оның қауіпсіздігін сақтамау онан да қиын жағдайға әкеліп соқтырары сөзсіз, сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтай білу өзіңнің өміріңді сақтандырумен барабар. Соңғы кездері балалардың үзілген электр сымдарына ұрынып қалуы жиі байқалады. Дерек көздеріне жүгінсек, электр тогынан жарақат алушылардың саны жыл сайын арта түсуде, яғни жарақаттанушылардың үштен екі бөлігі осы топқа жатады. Балалардың электр тогымен жарақаттануының алдын алу үшін төмендегі ережелерді білулері керек: электр сымдары өтетін үй-жайлардың шатырына шығуға болмайды; электр сымдары тартылған бағаналарға шығуға болмайды; элетр сымдары тартылған бағаналардың астында отыруға, дем алуға, аялдауға болмайды; көшеде жанып тұрған электр шамдарын қиратуға және тіректердегі ажыратқыштарды сындыруға болмайды; электр сымдарына бір нәрсені іліп қоюға, лақтыруға болмайды.

22.09.2021
Просмотров: 1366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст