"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

27.04.2018

Рухани

тәрбие беру- бүкіл қоғамның

міндеті

12  сәуір күні мектебіміздің 8-10

сынып оқушылары «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының» Республикалық ислам

діни бірлестігінің филиалының мүшесі, 

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қаражар ауылдық мешітінің бас имамы  Боранбаев Ыбайда Сейдалыұлымен кездесті. Кездесуге

ауыл мешітінің қызметкерлері Жармағамбетов Ж.Ш. және Рузахметов С.Т. қатысты.

Кездесудің басты мақсаты-жасөспірімдерге дәстүрлі діни ағымдар туралы

дұрыс, яғни мемлекетіміздің саясатына кедергі келтірмейтін, зайырлы

құндылықтарға  бағытталған түсінік беру.

Кездесу мектептің мәжіліс залында өтті. Жиында имам бұл кездесуге Целиноград

ауданының білім бөлімімен келісілгені туралы айта кетті.

Қазіргі таңда жастарымыз зиянды әдеттерге көп әуестеніп, ата-анасын,

ұстаздарын сыйламай, бағаламай, болашақ өмірі туралы көп ойланбайтыны-шыңдық.

Ал өмірлік құндылықтарды насихаттау, жастарды дұрыс жолға қою-бүкіл қоғамның

міндеті.

Жас нәрестені дәретханаға лақтырып, қария болған ата-анасын қарттар үйіне

тастап кетіп, ақша үшін туғандарын өлтіруге дайын жас өскелең ұрпақты кім

тәрбиелейді? Кім дұрыс жолға бағыттайды? Рухани құндылықтарға кім баулиды?

Міне, осындай күрделі де маңызды сұрақтар осы кездесу барысында талқыланды.

Имам дәстүрлі ислам қандай болу керектігін, барлық діндерге мемлекетімізде

жағдай бірдей жасалатыны туралы айтты.

Оқушылар қызықтыратын сұрақтарға нақты да толық жауаптарды естіп, кездесуге

қатысқандарына өте риза болды.

 

 

 

Мектеп

директорының орынбасары:    Ахметова А.Ж.

Жалғызқұдық

ауылы

 

 

Просмотров: 398

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст