"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

31.03.2018

Сабақ мақсаты:

      1)Оқушылардың

қоршаған орта-табиғат туралы түсініктерін кеңейту;

     

2)Жеранаға,табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру;

      3)Табиғатты

қорғауга тәрбиелеу.

Көрнекті

материалдар:суреттер,Қазақстан

картасы,көрме «Жыл мезгілдері».

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  -Біздің

айналамызды қоршап тұрған не ?

- Табиғат

 -Табиғат дегеніміз

не екен?

Су,орман,шөп,ауа,жер,ашық аспан,құс,адам,жел,жұлдыз,т.б.

Тақырыпты таныстыру.

Бастаушы:

  Табиғат сенде

бәрі ортақ,

 

Аспаның,күнің,айың да.

  Тегінде жаның

жомарт-ақ,

  Ізгілік жатыр

бойында.

  Жер-ана бізді

өсірген,

  Кең байтақ жазық

көзілген.

  Бабын табар

баламыз,

  Қадірлі жер

ананың.

Алдымызда Қазақстан Республикасының болашақ азаматтары.

  «Менің Қазақстаным» әні орындалады.

Ұлан-байтақ атамекеніміздің қандай аңдарын білеміз?

Аңдар жайлы оқушылар кезекпен айтады.

Табиғатты

құрайтын бөліктердің бірі-құстар.

  Торғай:

1.    

Мен

торғаймын,торғаймын,

Суықтан да

тоңбаймын.

Құрт-құмырсқа,шіркейден,

Бау-бақшаны

қорғаймын.

  Тоқылдақ:

2.    

Құртты

іздеп інінен,

Қарағайды үңгіген.

Тоқылдақ құс-дәрігер.

Екендігін кім білген?

  Көгершін:

3.    

Бейбітшілік

құсы менмін-көгершін,

Жер жүзінде

бейбіт өмір көгерсін.

Аспан

тұнық,шат көңілді болайық,

Ақ ниетті адал

жандар көбейсін.

 «Ақ көгершін »әні орындалады.

   Табигат қорғаушылар не дейді?

   Құс пен аңды

атпаймыз.

   Қыста жемдеп

баптаймыз,

   Бауырмал боп

бәріне,

   Қорғау заңын

сақтаймыз!

   Өсімдік нәр

алады өзегімен,

   Әр мезгіл

сөйлессінші кезегімен.

   Жыл мезгілдеріне кезек берейік.

   Өз ерекшеліктері

жайлы әңгімелеу. Ата-аналар,балаларымен жұмбақтар шешу.

1.    

Қанаты

жоқ ұшады

Аяғы жоқ қашады. (жел)

2.    

Жабырқаса

жылайды,

Жадыраса құлайды. (бұлт )

3.    

Суға

батпайды,

Отқа жанбайды.( мұз)

4.    

Орманда

жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балға етіп,

Тоқ-тоқ соғады. (тоқылдақ)

Бейнелеу өнері сабағында балалар сурет салып «Әрқашан күн

сөнбесін » -деп жазыпты.

Суреттерінде күнді салыпты. Әрдайым

айналамызда,аспанымызда алтын күн болсын!

  « Әрқашан күн сөнбесін » әні орындалады.

 

 

 

  

Просмотров: 901

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст