"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

14.03.2018

                                          Есіңе

мені алғайсың !

Сырым да осы ,

Жырым да

Алдыңда.

Байқашы бір ,

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда,

- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ

жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың!» атты әдеби - сазды кеші №

24 Жалғызқұдық орта мектебінде  өткізілді.

Кештің мақсаты«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында қазақ поэзиясының

мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен оқушыларды  таныстыру.Мұқағалидың поэзия құдіретін таныту,

оның өлеңдері арқылы халқына ,тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін

ояту.

Кеш ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын  сомдауымен басталды.

Нағыз өнер құдіреті деген осы .Поэма Нұрғиса Тілендиевтің

«Аққу» күйімен өзара үндестігін тапты .Үзіндіні нақышына келтіріп 5 «А» сынып

оқушылары Сарайқызы Лаура мен Жармағамбетова Хадиша оқып, көрермендерді

баулыды.

Ақынның өз даусымен оқыған өлеңдерін тыңдай отырып туған

ел , ана, жер – ана ,жан дос, бейбітшілікті қорғау тақырыбындағы өлеңдерін

жадында  сақтап,сүйіспеншіліктерін

арттыра , патриоттық сезіммен Жалғасова Сабина, Қайролла Айжан, Сармишова

Әлия,Мернибек Жарқынай, Сүлейменова Зарина,Карабай Камшат, Тұяқ Айғаным

мәнерлеп оқумен кешті жалғастырды.

Ақиық ақынның сөздеріне

жазылған «Ұнатамын мен сені» , «Бақыт деген» , «Сарыжайлау» , «Есіңе мені

алғайсың» әндерін Мернібек Мерей, Ахильбеков Арсен, Тугельбаева Ұлпан,

Сарайқызы Лаура, Аманжол Аяжан орындаған кезде көрермендер көңілінен шықты.

Айқай, заман!

Даласына қаласы жарасуы – ай...

Айналып Ақмоланы 

қимай барам,

Аман бол, айналайын, мидай далам

-деп, Сарыарқа төсін осылайша жырға қосқан  ақынның «Райымбек,Райымбек» поэмасынан  үзінділер 

де жатқа оқылды.

Өмірім, сірә да,

Арыдан басталған ,

Әріден басталып , мәңгіге тасталған .

Осы мен өлмейтін шығармын,

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын, -

деген өлең жолдары бір көрегендікпен ,

сезімталдықпен  жазылғандай. Мұқағалидың

ортамызда әлі де тірі екеніне өткізілген кеш, оқылған өлеңдері  оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей

көретін жыр сүйер елі куә.

 

 

Жүсіпбекова Ш.Ш., қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Жалғызқұдық ауылы

Просмотров: 522

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст