Тәрбие сағаты : " Ай дидарлы анашым!"
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын
сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке
тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесін мерекеге лайық безендіру,
даналық сөздер жазылған плакаттар.
Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана!
Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған
қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар
махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма
екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Адамзат ең
алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды
қаламайды, ана баласының ер жетіп, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық
тарту – таралғының керегі жоқ. Ана баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат
атаулының амандығын тілеп, сол үшін қажырлы күреске шығады. Сондықтан да дүние
жүзінің озық ойшыл жандары 8 - наурызды халықаралық әйелдер күні етіп
белгіледі. Ол күн жыл сайын үлкен мереке ретінде аталып өтіледі. Олай болса
бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ!
«Ай дидарлы анашым!» - атты ертеңгілігіміз сіздерге
арналады.
1-оқушы: Диас
Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып –
деп ән мәтінінде айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар
мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесі келіп жетті.
2-оқушы:Ильяс
Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты
күніндей мейірім – шапағатқа бөлене берсін. Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың
мерекелері құтты болсын.
3-оқушы:Торғын
Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан
4-оқушы:Рақымжан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан
Хормен барлығы:
Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Ән шашу: "Ақ мамам"
5-оқушы:
Нұрия
«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!
6-оқушы:Айжан
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың - аясындай гүл бақтың.
7-оқушы:Ерасыл
Жан ана, құтықтаймын мерекеңмен,
Көктемнің құлпыра бер нар гүлімен.
Төрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілің, ақ күніңмен!
8-оқушы:Шырайлым
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем
теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.
9-оқушы:
Даниал
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең – ақ
Отың болып жанам ғой.
10-оқушы:Арайлым
Әлпештеген баласын,
Ана бақыт – ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!
11-оқушы:
Медет
Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен
істейтін әр қадамды.
12-оқушы:Зере
Аналар – ау менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар – асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім,
Сенің арқаң бұл өмірге келгенім.
13-оқушы: Балнұр
Ержеткізіп, елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас - қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.
Ән шашу: "Алтын анам"
Мұғалім: Дүниедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі,
ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да,
ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызда, бұл жарық дүние есігін ашпас еді.
Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз.
14-оқушы:Мади
Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
15-оқушы:Мерей
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
16-оқушы:Ернұр
Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем
Ән шашу :" Асыл әжем"
Мұғалім:
Аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан
кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай
сағынғандарын айта бастады.
1 - қыз: Зере
Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей
сағындым.
2 - қыз: Айжан
Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай
күттім.
3 - қыз: Арайлым
Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай
болып жыладым.
4 - қыз: Мерей
Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 - қыз: Торғын
Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай
болып көріндің.
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің
жолыңды қараумен болдым.
Мұғалім: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын
жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып
берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең
кіші қызым қатты сағыныпты.
Мұғалім:Бұдан шығатын қорытынды біз анамызды жақсы
көретінімізді сөзбен емес іспен дәлелдей білейік.
Қыздардың би
шашуы
Ойын: «Кімнің даусы табайық» (аналармен) 5бала
шығады да, теріс қарап тұрады. Мен қолыммен кімді көрсетем, сол адам бір сөз
айтады. Мыс: ботақаным – дейді. 5баланың біреуі, менің мамамның даусы деп айту
керек. Дұрыс тапқан бала орнына отырады.
Көрініс: «Ананың жұмбағы».
Мұғалім : Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын,
сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай қараңғы жерге жапса, одан шыққан
соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл:
Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары
ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар
едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. Ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай
көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке
бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана:
Жарайсың, кенжетайым!
Ұлдардың би шашуы
Мұғалім: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шын
көңілінен шыққан, жүрек жарды аналарына деген тілектері бар. Осы мерекенің
алдында балаларға айтқан болатынбыз, аналарыңның мерекесі келе жатыр, қандай
тілек тілер едіңдер – деп. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс білдірген
балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Би шашу
17-оқушы: Ислам
Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиған,
Дүниенің ардақтысы анам екен.
18-оқушы:Аяулым
Сенен өскен балалар,
Сенен өскен
даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті асыл аналар.
19-оқушы:Ислам
Адам бар ма ана сүтін татпаған,
Алуан – алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар намысты сақтаған,
Мен анамның сонысымен мақтанам.
20-оқушы:Ақбота
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам.
21-оқушы: Шырын
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды.
Әрбір қыз, әр бала,
Анасын ұқсайды.
22-оқушы:Аят
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді
Анамызға мың алғыс!
Ән шашу: "Ақ мамам әні!"
Мұғалім: Балалардың аналарына арнаған сыйлықтарын
тарту ету.
Мұғалім: Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің
көркі демекші 8- наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
Ұлдарымыздың қыздарымызға арнаған шағын сыйлықтарын
тарту етсін. Ұлдар сыйлықтарын бір – бірлеп таратады.
Ән шашу: "Ай дидарлы анашым!"