«№24 Жалғызқұдық
орта мектебі» ММ - нің
«ТҮЛЕКТЕР ТАҚТАСЫ»
жобасы аясында істелінген
жұмыстары жөніндегі есебі
Мектебімізде
мектеп бітіруші түлектер арасында
кәсіптік бағдар беру және болашақ
мамандығын саналы түрде таңдауға жан-жақты жағдай туғызу , еңбек нарығының
қажеттіліктерін нақты көрсете отырып, мамандық
таңдауға жағдай туғызу үшін
біршама кәсіптікбағдар беру жұмыстары жүргізілді.
Осы жұмысты
жүргізу үшін мектеп алдына
мынадай мақсаттар қойылды:
1. Түлектердің болашақ мамандығын
саналы түрде таңдауға жан-жақты жағдай туғызу;
2. Құзырлы органдардың
мүмкіндіктерін түлектерге кешенді ақпараттар ұсынуға жұмылдыру;
3. Елдің барлық білім жоғары және кәсіптік білім беру ұйымдары жөнінде
түлектерді жан-жақты ақпараттандыру арқылы қажетті мамандық таңдауда кәсіптік
бағдар беру;
4. Еңбек нарығының
қажеттіліктерін нақты көрсете отырып, мамандық
таңдауға жағдай туғызу;
5. Қазіргі уақытта
өңірлер мен республикада замануи еңбек нарығы және талап етілетін мамандықтар
туралы оқушыларды хабардар ету.
Кәсіптік
бағдар беру жұмыс мектебімізде 9-11 сыныптар арасында
жыл бойы өткізіледі.Оқу жылының барысында әр
мамандық иелерімен кездесулер
жүргізілді. Әр оқушының
талабы мен ынтасына
қарай болашақ мамандығын
таңдауына мектеп әкімшілігі,
тәрбие жетекшілері,психологтар,сынып жетекшілер ,ата-аналар
өз үлесін қосып,оқушылармен дөңгелек стол,конференция
өткізді. Қорғалжын және Астана қаласының
жоғары оқу орындарымен , колледждерімен кездесулер
ұйымдастырылады.Ол мекемелерден арнайы
топ келіп кездесулер өткізді.
Мектепте «ТҮЛЕКТЕР ТАҚТАСЫ» жобасы аясында
стенд жобасы әйымдастырылды.Үнемі толықтырылып отырылады.
Мектеп директоры: Смаилов Р.Ж.