«Бірлік болмай тірлік болмас»
Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүкіл Қазақстан
халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап өтті. Жыл сайын атаулы мерекеде
Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара
шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп
жатқандығын тойлайды.
Біздің №24 Жалғызқұдық орта мектебі де бұл мерекені әдеттегідей жоғары
деңгейде атап өтті.
«Достық» атты бір шаңырақ
астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп,
жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер
көрсетті. Мереке салтанатты шеруден басталып, жалғасын ауылдық Мәдениет үйінің
алдындағы алаңда тапты. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» демекші,
жоғары сыныптар кіші сыныптармен бірігіп, өнерлерін көрсетті. «Жас Ұлан»
балалар ұйымын жетелеген Ұланбасы Шөптібай Диананың бастамасымен патриоттық
флешмоб салтанатты концертті ашты. Қазақ, орыс, украин, ұйғыр, өзбек, грузин,
кавказ билері алаңға келген
көрермендердің көңілінен шықты.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, басқа ұлт демей, татулықта, бейбіт
өмірде күн кешейік, ағайындар!
№24
Жалғызқұдық орта мектебінің
тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова
А.Ж.