Ақмола облысы Целиноград ауданы Жалғызқұдық ауылы №24 ОМ
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
ХАТТАМА №1
«29» қараша
2017ж.
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы
Төрағасының аты-жөні: Есимбекова С.Ж
Хатшының аты-жөні: Шалина Г.
Қатысқандар:15 адам
Күн тәртібінде:
1. Қамқоршылық кеңесінің құрамын бекіту,міндеттерін бөлу.
2.Қамқоршылық кеңестің 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Тыңдалды:
Күн
тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Смаилов Рахимжан
Жанабаевич сөз алып, мектептің оқу-тәрбие үрдісі мен материалдық-техникалық
базасын жетілдіруде қамқоршылық кеңестің
маңызды рөл атқаратынына тоқталып, қамқоршылық кеңесін құрудың маңыздылығын
атап көрсетті. Сондай-ақ қамқоршылық кеңеске мүшелікке шақырылған
азаматтарға мектепке жанашырлық танытып
жүргендері үшін алғыс білдіріп, қатысып отырғандар ішінен төрағасын және хатшы
тағайындау қажеттігін айтты.
Осы мәселе бойынша екінші
болып сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова
Айгуль Жанатовна отырғандарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 27.07.2017ж. Білім беру
ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің
үлгілік қағидаларын бекіту туралы № 355 бұйрығымен таныстырды.
Отырысқа қатысушылар
аздаған талқылаудан соң кеңес төрағалығына үміткерлерді дауысқа салды.
Күн тәртібіндегі екінші
мәселе бойынша төрағалыққа ұсынылған жеке кәсіпкер Забелина Назира Сатбекқызы
сөз алып, 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын құруда мектептің өз
деңгейінде дамуы үшін атқарылуы тиіс іс-шараларды бекітуде мектеп директорымен
ақылдасудың маңыздылығын айтып, сөз кезегін мектеп директорына берді. Рахимжан
Жанабаевич өз кезегінде кеңес мүшелерін биылғы жылы мектеп үшін атқарылуы тиіс
іс-шаралармен таныстырды. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып, кеңес
мүшелері жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Қаулы :
1.
Қамқоршылық
кеңесінің құрамын бекітіліп, міндеттері бөлінсін.
Құрамы: 1. Есимбекова С.Ж.-төраға
Комиссия мүшелері:
1. Рузахметова Ж.К.
2. Даримова Р.И.
3. Маслий О.
4. Қапыш А.
5. Дукеева А.
6. Абишова Л.
7. Забелина Н.С.
8. Шалина Г.-хатшы
2.
Қамқоршылық
кеңестің 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітіліп, іске асырылсын.
Төраға Есимбекова С.Ж.
Хатшы Шалина Г.