"Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім
беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение
Общеобразовательная школа села Жалгизкудук
отдел образования по Целиноградскому району
управления образования Акмолинской области"
1991 жылдың 1 желтоқсан күні елдің тілегімен, халықтың қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев егемен еліміздің тұңғыш президенті болып сайланды. Осы күннен бастап тәуелсіз мемлекетті басқару міндетін мойнына алған Елбасының саяси көрегенділігі, қиындыққа қарсы тұратын табандылығы таныла бастады. Осындай өзінің тағдыры мен елінің тағдыры тоғысқан сындарлы кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен халқымның тәуекеліне сендім. Өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған осындай текті халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының пешенесіне бұйырмаған бақытты – тәуелсіз мемлекет құрудың бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық бақыт жоқ, осы жолда мен бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын…» деп жүрекжарды сөзін айтқан болатын. Міне, содан бері Елбасы халқына сеніп, ел-жұртына арқа сүйеп келеді. Халқы да Тұңғыш Президентіне деген сенімділігін жоғалтпай, оның бастаған баянды істерін қолдап жүр.