Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлығын
ояту ең маңызды мақсат.
К.Д. Ушинский
Қазіргі білім беру жүйесінің
мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның
жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның
сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін,
барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.
Мұғалімдер оқушылардың бойына
өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі
адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманға табысты өмір сүруге
дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ
маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті
сапалы біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз етуі қажет.
Мектеп вариативтік компоненті
оқушылардың вариативтік ойлау дағдыларын дамытуды көздейді, яғни мәселені
шешудің әртүрлі жолдарын қарастыра білу, әртүрлі жолын сұрыптай білу және
оңтайлысын жүйелі таңдай білу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Қандай да бір әрекеттің
нәтижесінде қандай да бір өнім жасалмаса немесе қандай да бір жетістік болмаса
мәнсіз болады.
Сол себептен біздің мектепте
сәуір айында мектеп компоненті бойынша өткізген сабақтарға шығармашылық есеп
бергізілді. Оқушылардың өзін-өзі дамуына және жоғары оқу нәтижесіне жету
қызығушылықтары артқаны байқалды. Іс-шара өз мақсатына жетті.