Үйірме жұмысы арұылы
оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру
Бүгінгі заман –
бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан
адамзат қиял жетпес ғажаптарға қол созады.
Мектебімізде
балаларды халықтық өнерге баулуда, көркемдік шеберліктің тәсілдеріне үйретуде
қолданбалы өнер, ісмерлік үйірмесі үлкен еңбек етуде. Үйірмелерде оқушылар өз
шеберліктерін іс жүзінде қолдана алады. Асқан шеберлер көркемқолөнеріне басқаша
шығармашылық көзбен қарап әдемі жәнеде пайдалы заттарды жасай алады.
Осы үйірмелер
арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық
талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын
қалыптастыру жолында жұмыс жүргізілуде.
Үйірмелердің
нәтижесін бүгін сәуірдің 14 күні мұғалімдер мен оқушылар «Үйірменің үйретері
көп» атты шығармашылық есебін берді. Үйірмеде алған білімдерін көрсете білді,
іс-шара өз мақсатына жетті.