"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

31.03.2018

№ 24

Жалғызқұдық орта мектебі

Тақырыбы: " Қош келдің, әз Наурыз!"

Сынып: 2"А"- 4 "А"

Мұғалім: Сагинаева Ельмира Сериковна

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз! 

Мақсаты:

Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін

көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл, қанатты сөздер, киіз үй,

дастархан, суреттер көрмесі.

Мұғалім:  

Келер күнге бар үмітті табынтып,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз!

1-жүргізуші

- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар!

Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың

алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып

саналады.Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз,

арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.

Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда

денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші

Ақпан кетті араз боп Наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

2-жүргізуші

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткет.

1-оқушы:

Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

2-оқушы:

Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

3-оқушы:

Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

Ән шашу:

1-жүргізуші

Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,

Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.

Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,

Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің

сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп

күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.

1 – жұп: Торғын мен Асыл

2 – жұп: Ислам мен Алимхан

3 – жұп:Інжу мен Арайлым

4  - жұп: Ильяс пен Азамат

5-жұп:

Жұлдыз бен Зере

6-жұп:

Рақымжан мен Әділжан

2-

жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.

1

– бөлім: «Кел, танысайық»

2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық»

3

- бөлім: «Өнерлі өрге жүзер»

4

- бөлім: «Мені жалғастыр»,

5

– бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».

6-

бөлім: " Көрермен көзайымы".

1-жүргізуші:

Әділ – қазы береді,

Өздеріңе сыйлықты.

Бізге айтып береді,

Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар

алқасымен таныстырып өтеді.

2-жүргізуші:

Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»

Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.

Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,

Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел,

танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

4-оқушы:

Наурыз – көктем мерекесі.

Наурыз – қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

Наурыз – шаруаның мерекесі.

Наурыз – еңбек мерекесі.

5-оқушы:Мади

Қыс өтіп қар кетті,

Жырлайық жаз жетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын бұл Наурыз!


6-Оқушы: Медет

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш

көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып,

ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты талға іліп, ағашты

безендіреді.

1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар?

(10см)

3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа,

тағам, жылу, жарық, су)

4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып

бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)

5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын

білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? деген

сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы ,жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)

6 – сұрақ: Жұмбақ

Ағаштардың көсемі

Мәңгі жасыл бұтағы.

Мекен ғып тау өлкені,

Кәусар ауа жұтады. (Шырша)

7-оқушы:

Наурызым ғажап туысың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін,

Жүрегі елдің жылысын.

8-оқушы:

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.

9-оқушы:

Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қызық думан - мереке,

Қызық думан құрамыз.

Ән шашу:

2-жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнермен өрге басып кідірмейік.

(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.

10-Оқушы:Аяулым

Наурыз – достық, Наурыз – күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі.

11-Оқушы:Мерей

Наурызым

- тойлы нұрлы күн,

Мерейің

асып тұр бүгін.

Жерімнің

жүзін жылыттың,

Елімнің

сақта бірлігін!


12-Оқушы:Айжан

Жыл басы – Наурыз, мереке!

Ақ нұрға әлем боянды.

Наурыз тойы береке,

Тіршілік жаңа оянды.

1-жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып,

ішіндегі мақалды және  өлең жолдарын

жалғастырады.

Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.

1)  Мақалды

жалғастыр

Әдепті бала – арлы бала,

.............................................


    Өлеңді

жалғастыр

................. тоңбаймын,

.................. қорғаймын.

2) Мақалды жалғастыр

 Еңбек түбі  - береке,

 ..............................................


Өлеңді

жалғастыр.

..................... сайрайды,

..................... жайнайды.


3) Мақалды жалғастыр

Бір тал кессең -. .........................


Өлеңді жалғастыр.

................. атпаймыз,

................. сатпаймыз.

.

4) Мақалды жалғастыр

Бірлігі жоқ ел тозады,

..........................................

Өлеңді

жалғастыр

.................. қорғаймыз,

................. ақтаймыз.

5)Мақалды жалғастыр

 Жақсымен жолдас болсаң жетерсің

мұратқа,

.............................................................................

Өлеңді

жалғастыр

...................... құлпырып,

....................... сыйлайды

6) Мақалды жалғастыр

Болат қайнауда шынығады,

................................................

Өлеңді

жалғастыр

Ойынға бір. ..................

Секеңдеуді . ....................

Жүргізуші:

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көреген тон пішер» деген рас,

Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың

ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

2-жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық

атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.

1-жүргізуші:

"Көрермен

көзайымы" тапсырмадағы сұрақтарға балалар ата-аналарымен бірге жауап

береді.Сандық ішіндегі нөмірленген асықтарды алу арқылы тапсырмаларын

анықтайды.

1.«Байғазы»- балалардың, жастардың жаңа

киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша.

2.«Көрімдік»- жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді.

3.«Бастаңғы»- үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,

жолаушылардың жолда басы ауырмасын «Бастаңғы» жаса дейді. Бастаңғының мәнісі -

жастардың сол үйде ойын - сауық жасап, бас қосуында.

4.«Жасау»-

ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым,

кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем әшекейлі заттар

берген. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.

5.«Қырқынан шығару»- әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң, баланы

ыдысқа, 41 қасық су құйып шомылдырады. Бұған үлкен әжелер, әйелдер қатысады,

кәде беріледі, дастарқан жайылады.

6.«Ерулік»- ауыл ортасына жаңа үй көшіп келсе, қоныстанса, сол ауылдың бұрынғы

адамдары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіріп, табақ тартады. Бұл - жаңа адамдарды

бөтенсіретпей, өз ортасына тартудың, сыйласудың үлгісі.

2-жүргізуші

Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ –

қазыларға және құттықтау сөзді оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата –

аналарға беріледі.

 

 

 

 

 

Просмотров: 462

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст