«Алғыс айту-
парызым»
Алғыс айту күні мерекесінің мақсаты ортақ тарих,
қазақтардың және барлық этностардың
бір-бірін және қазаөтардың қолдауы арқасында бірге өткерген
қиыншылықтарды ұмытпау негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және
дамыту болып табылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір -
біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.
Осы мерекеге орай біздің №24 Жалғызқұдық орта мектебі бойынша
1-наурыз Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту- парызым» атты апталығына арналған іс-шаралар
өткізілді.
26.02 «1
наурыз-Алғыс айту күні» қабырға плакатын Ұланбасы Шөптібаева Диана дайындады және сонда «Алғыс
қабырғасы» орналасты, онда оқушылар өздерінің
алғыс хаттарын, тілектерін жазды.
Сынып жетекшілері 26.02 «Алғыс күні- бейбітшілік пен
келісім күні» сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарынын басты мақсаты:
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді
сақтау –Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет екендігін оқушыларға жеткізу,
қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеу,
27.02 күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Ахметова А.Ж. және музыка мұғалімі
Вист Г.Ф. «Шың жүректен алғыс айтамын!» атты кездесу кеші, дөңгелек үстел және мерекелік концерт
ұйымдастырылды. Мерекелік концертте қонақтарға слайд, бейнеролик ұсынылды. Кеш
қонақтары Геллерт Лидия, Абишова Зина
апайларымыз қуғын-сүргінге ұшыраған ата-аналарын, туған бауырларын еске
ала отырып, осы күнге аман-есен жеткізген жағдай- халықтар достығы арқасында
екендігін айтты. Кеш қонағы Абишова
Гүлжан өзінің ұлы және біздің
мектебіміздің түлегі Абишов Оджаланның жазған «Халықтар депортациясы жөнінде»
жазылған ғылыми жобасы шыққан ҚазҰТБ-ның ғылыми жобалар жинағын мектеп
мұражайына сыйға шың көңілмен тартты.
Концертке 3А сынып оқушылары
Аманжол Торғын және Бейсен Нүрия үнді
биімен, 6А сынып оқушысы Абишова София қазақ тілінде тақпағын айтып, 10 А сынып оқушылары Сартаева Ділназ және
Бурахан Сабина қазақ биімен, 5Б сынып оқушысы Изатов Мухамедали лезгинка биімен
қатысып,көрермендердің көңілінен шықса, 5А сынып оқушысы Мернібек Мерей
«Бүлдірген» әнін орындап, жүректеріне нұрлы сезім ұялатты. Кештің мерейлі
қонақтары «Аяулы әжелер» тобы әсем әндерін орындап берді. Кеш қонақтары жылы
лебіздерін білдіріп, алғысын білдірді.
Ел бірлігі-халықтар ынтымақтастығында екендігін ұмытпайық, ағайын!
Мектеп
директорының
тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: Ахметова
А.Ж.
Жалғызқұдық ауылы