«Рухани
жаңғыру» аясында өткен «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» атты аудандық
аймақтық семинар
2017-2018 оқу жылының 15 ақпанында №24 Жалғызқұдық орта мектебінде «Рухани
жаңғыру» аясында «Туған жер. Туған ел.
Туған глобал» атты аудандық аймақтық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты:
оқушыларды қазақстақстандық патриотттыққа тәрбиелеу, рухани құндылықтарды
насихаттау.
Семинар қатысушыларына 1 сынып оқушылары өлеңдерін үш тілде оқып, 3Б-6Б
сынып оқушылары «Мир, который нужен мне!» атты әнімен сәлемдесу дайындады.
Мектеп директоры Смаилов Р.Ж. семинар қатысушыларына сәлемдесіп, бағдарламамен
таныстырды.
«Менің Отаным-Қазақстан!» атты
интеллектуалды шоуды 1-4А сыныптарда Омарова Н.Қ. және Сагинаева Е.С. өткізді.
Мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы
мағлұматтар бере отырып, жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорын,
тіл байлығын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру және туған
елін сүюге, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.Сайыс сабақ түрінде өтті.Оқушылар 3
топқа бөлініп, сұрақтарға жауап берді.
Осы сабақпен қатар тіл мұғалімдері Сартаева Т.В., Жетушакова А.Х., Моор
Т.А. «Традиции родной земли» атты 6Б, 10А, 10Б сынып оқушылардың қатысуымен
сыныптан тыс іс-шара өткізіп, оларға ұлттық мерекелердің маңызына назарын аударды.
«Мой Казахстан-моя земля!» атты 1Б-4Б сыныптарда cаяхаттау ойынын Еровенко
Н.М. және Охроменко Н.И.бастауыш мұғалімдері өткізді.Осы іс-шара барысында
мұғалімдер оқушыларға туған жер, Отан деге ұғымдардын құндылықтарын көрсете
білді. Осымен қатар тарих пәні мұғалімі Ахметова А.Ж. «Ел болашағы-ауыл
жастары!» атты 9А-10А оқушылардың
қатысуымен дискуссиялық алаңшасын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты талқылау
барысында және нәтижесінде оқушыларға туған жерінің құндылығын насихаттау,
патриоттық сезімдерін дамыту болды және мектеп ұстаздары Бакенова Г.Т. және
Қабкенова А.Ж. дайындаған бейнебаянында мектебімізді аяқтап кеткен түлектерінің
бұл мәселеге көзқарастары осы мақсаттарға зор әсерін тигізді.
3-сабақ -«Мамандық
таңдау-маңызды шешім» атты конференциясын
тарих және құқықтану пәндерінің мұғалімдері
Айтжанова Қ.Қ., Жунусова С.К. 10АБ-11АБ сынып оқушылардың қатысуымен
өткізді. Конференция барысында оқушылар баяндамаларын оқып, өзекті мәселелерін
талқылап, жергілікті кәсіпкер Оспанов А.С. жүздесіп, қызықтыратын сұрақтарын
қойды.
Осымен қатарлас қазақ
тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Махамбетова Б.Т. «Ойымнан таспа тілдім өлең өріп!» атты
жергілікті ақын, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ақылай Сәнді әдеби-поэзиялық
кешін өткізді. Кеш барысында келген қонақтар интербелсеңді тақта арқылы ақынның
өмірбаянынан қысқа үзінділерін тамашалап, шығармашылығымен танысты. Мектеп
ұстаздары мен оқушылары ақынның өлеңдерін қазақ және орыс тілінде оқып, сазды
ауенге салынған әндерін орындады. Кеш қонақтары жылы тілектерін айтып, ақынға
шығармашылық табыс тіледі.
Семинар «Туған елге тағзым!» атты концерттік
бағдарламасымен өз мәресіне жетті. Семинарға талдау жасалып, қатысушы ұстаздар
мен оқушыларға Целиноград аудандық білім
бөлімі атынан тәрбие ісінің әдіскері Нұрмұханова Г.Қ. мадақтау қағаздарын табыстады.
Мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова А.Ж.
Жалғызқұдық ауылы