Қыз сыны сценарий(Көктем аруы)
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан
шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Көктем аруы -2018» атты арулар
сайысына қош келдіңіздер.
«Көктем аруы- 2018»
байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші
Енді
ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1.8
«А»
2. 7 «А»
3.6<A>
4.5<A>
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.
2.
3.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін -өзі таныстыру.
2. Өз өнерін көрсету
3. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
4. Сән үлгісі
5. Қолөнер
Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер алады да , кезекпен өздерін таныстырады.
I кезең.Таныстыру
II
кезең өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
(
әділқазылар алқасының бағаларын білу)
III кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
(
әділқазылар алқасының бағаларын білу)
IV
кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына
қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
V
кезең. Қолөнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен
таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
(
әділқазылар алқасының бағаларын білу)
Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай
отырып, құт –береке тілей отырып,
сайысымызды аяқтаймыз.