"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Жалғызқұдық ауылының ЖОББМ мектебінде «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұлағат!» атты аудандық Рақымжан Қошқарбаеватың 100жылдығына арналған ерлік сабағы өтті.

26.02.2024

Жалғызқұдық ауылының ЖОББМ мектебінде «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұлағат!» атты аудандық Рақымжан Қошқарбаеватың 100жылдығына арналған ерлік сабағы өтті.
Мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасының бағыттары бойынша жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық парриот сезімін қалыптастыра отырып, елін жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру.
Осы іс-шараға Целиноград ауданы Жастар ресустық орталығының маманы Ирешова Махаббат Сансызбайқызы, Целиноград ауданы білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Бижанова Бекзат Асқарқызы, Жарлыкөл ауылының ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жургенбаев Жанболат Құдайбергенұлы, Мәншүк ауылының ЖОББМ тәлімгері куспекова Дана Сагидуллақызы, Сарыкөл ауылының ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кунтуова Динара Серікқызы қатысты.
Тәрбиелік іс-шара барысында 8А сыныбының оқушылары «Қазағым» атты әскери-патриоттық әнімен ат салысты, ән сөзінің авторы мектебіміздің жас ақыны, 8А сыныбының оқушысы Алтынов Әділет, әуенінің авторы-мектебіміздің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі, Қазақстан жазушыларының одағының мүшесі Ақылаева Сәнді Күреңбайқызы, 7Б сыныбының оқушылары Моор Глеб және Азат аубакр әскери биін орындады.
Сонымен қатар, «Рейхстагқа ту тігу сәті» көрінісін көрермен назарына 8Б сыныьының оқушылары Амангелді Әрсен, Васильев Имран және Карабалин Медет ұсынды
Ерлік сабағы барысында оқушылар қаһарман Рақымжан Қошқарбаев Атамыздың өмірбаяны, ерлігі, жетістіктері туралы мәлімет алды және алған білімдерін интерактивті ойын арқылы көрсетті.
Іс-шара соңында «Қазақстаным менің» атты 6А және 6Б сыныбының оқушылары орындады.
Өткізген: Ахметова А.Ж  https://www.instagram.com/p/C21bFFZofA8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Просмотров: 5429


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст