Жалғызқудық ЖОББ мектебiнде 19 қазан Республика күні қарсанында " Қыздар - қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы" атты форум өтті.
Мақсаты - Ұлттық мүдде: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы мағлұмат беру. Талап: қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Ар - ұят: қыз балаларды әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу. Форумға Целиноград ауданының әкімiнің орынбасары Айткужинова А. К, және Целиноград ауданының iшкi iстер саясаты бөлiмiнiң бастығы Байдильдина Ж. Е. қатысты. Форум барысында Қызылсуат, Қоянды және Жалғызқұдық мектептерiнiң қыздар клубының мүшелері мен жетекшілерi баяндамаларын ортаға салды.