Текст
«Жалғызқұдық ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жалпы мектепiшiлiк ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде: 1. Отбасы күніне арналған мерекелік концерт. 2. 2022-2023 оқу жылының тәрбие жұмысының талдауы. 3. 2022 - 2023 оқу жылының тәрбие жұмысының талдауы. 4. «Мектепке жол» акциясы туралы ақпарат. Жиын басында мектебімiздiң психологi Альписова Айдана Өміртайқызы ата-аналармен тренинг өткізді, ата-аналар арасында оң көзқарас қалыптасты. Жиын барысында ата-аналарды толғандырған мәселелер шешімін тапты.