15 мамыр күні 5А сыныбында *«Отбасы-бақыт мекені"* атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаттары:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.
А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзі бекер айтылмаған болар.
Адамзат бесігін тербеткен ұя ,
Үлгі – өнеге бастауы,
Жағымды қасиеттерге баулиды.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы»-дей келе сыныпта оқушыларға бейнебаян көрсетіліп,оған талдау жасап, түрлі жағдаяттар ұсынылды,кейіннен "Ата-анаңның сенің өміріндегі рөлі" тақырыбындағы сұрақтар қойылды.
Өткізген: 5А сыныбының жетекшісі Ахметова А.Ж.