Текст
Мектебімізде сәуірдің 20-сі 2023 ж. «Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді. «Жас Ұлан» гимні орындалып, ту кіргізілді. Жалпы саны 77 оқушы қабылданды. «Жас Қыран», «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданушы оқушыларымызға егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.