"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі.

14.03.2023

Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі. Бұл Қазақстанның ең сүйікті және ауқымды мерекелерінің бірі.
13 наурыз күні *"Наурыз-көктем"* атты 5А-5Ә-6А сынып оқушыларының арасында мерекелік бағдарламасы өткізілді.
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мерекелік бағдарлама барысында әсем әндер, тамаша билер орындалып және *"Асық ату", "Арқан тартыс"* ұлттық ойындары ойнатылды. Мерекеге ата-аналар қауымдастығы белсене қатысты.
Жауапты: 5АӘ-6А сынып жетекшілері.

Просмотров: 232


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст