"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 01 наурыз 2023ж. - 31 мамыр 2023ж. аралығында уақытша жұмысқа КОНКУРС жариялайды:

08.02.2023

«Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 01 наурыз 2023ж. - 31 мамыр 2023ж. аралығында уақытша жұмысқа КОНКУРС жариялайды:
 Мектепалды даярлық қазақша тобының мұғалімі

Конкурсты өткізу уақыты: 2023 жылғы 22 ақпан, сағат 15: 00 "Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Құжаттарды қабылдау бөліміне 2023 жылдың 22 ақпанға дейін тапсырасыз

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1. Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. Міндетті түрде ұлттық біліктілік тестілеу сертификатының оң нәтижесі болуы керек (бұдан әрі-ҰБТ) немесе мектепалды даярлық мұғалімінің (педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер) біліктілік санатының болуы туралы куәлігі болады. Өйткені бұл құжатсыз өтініштер қабылданбайды (жұмыс уақытша 3 айға).

Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст