"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Жаңа форматта «Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті.

23.01.2023

Жаңа форматта «Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Бірінші жартыжылдықтағы үлгерім мониторингі, сондай-ақ өткізілген оқу іс-шаралары туралы ата-аналарға ақпарат берілді, стендтер әзірленді. Кездесуді жақында өткен облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болған мектеп оқушылары ашты. Атап айтқанда, Әбіш Кекілбаев пен Пушкин А.С. шығармалары бойынша театрландырылған қойылымдар. Гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарының нәтижесін ата-аналар өз көздерімен көрді. : Жакутова Б.Е., Карбаева Б.Б., Моор Т.А., Әбеуова А.Х., Жүсіпбекова Ш.Ш. Ата-аналар балалардың театрландырылған қойылымының актерлік қабілетіне және мәнерлеп оқу мәнеріне тәнті болды. ЖДН-дан шақырылған өкіл Төлегенов А пен Жумабеков Е.А. учаскелік инспектор профилактикалық әңгіме жүргізіп, ата-аналарды «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» бойынша, сонымен қатар «Балалардың жол-көлік жарақаттары» тақырыптарымен таныстырды, және оның алдын алу туралы кеңес берді. Ата-аналар сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Әңгіме соңында ата-аналар ауылымызда түнгі рейдтер өткізуді сұрады.
Кездесудің жаңа форматы ата-аналарға барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша балаларының пән мұғалімімен жеке байланысуға мүмкіндік берді. Кездесу жаңартылған форматтың арқасында тыныш, достық жағдайда өтті.  https://www.instagram.com/p/Cnnw2wwoBq5/?utm_source=ig_web_copy_link

Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст