13.07.2022
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі " КММ педагогтердің бос орындарына КОНКУРС жариялайды:
- Қазақ сыныптарындағы математика пәнінің мұғалімі-21 сағат;
- Орыс сыныптарындағы география пәнінің мұғалімі-16 сағат;
- Орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі-16 сағат;
- Орыс сыныптарындағы информатика пәнінің мұғалімі-16 сағат;
- Психолог – 1 ставка.
Конкурсты өткізу уақыты: 2022 жылғы 08 тамыз, сағат 10: 00 "Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Құжаттарды қабылдау бөліміне 2022 жылдың 08 тамызына дейін тапсырасыз
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- Қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік).