Текст
№24 Жалғызқұдық орта мектебі бойынша жазғы лагерь өз жұмысын 1 маусым мен 5 шілде аралығында бастады. Лагерьге келген оқушылардың күнделікті мектеп медбикесі денсаулықтарын тексеріп, олармен сауықтыру іс-шараларын жүргізді.Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға сапалы тамақтануда назардан тыс қалмады.Әр түрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізген лагерь жетекшілері балаларды көңілді демалдырып, сылдыр күлкіге тойдырып, неше түрлі спорттық ойындармен жарыстырды.Осылайша жазғы лагерь оқушылардың көңілінен шықты.