"Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім
беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение
Общеобразовательная школа села Жалгизкудук
отдел образования по Целиноградскому району
управления образования Акмолинской области"
1 Қазан - қарттар күніне арналған құттықтау тілек Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.