"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Ыбырай Алтынсаринға-180 жыл"атты сынып сағаты.Өткізген 2"А"сынып жетекшісі Исина Нұргүл Советқызы. Мақсаты: 1) Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру. Мәнерлеп, түсініп, жүргізіп оқу дағдыларын жетілдіру. 2) Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, ынтымаққа, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жерін, жұртын сүюге, Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. 3) Ыбырай еңбектері арқылы білімдерін одан әрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру. «Ыбырай Алтынсарин – қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» деп жазды кезінде «Оренбурский листок» газеті. Сауатты болса екен деп қазақ халқын, Білімге бастап беріп, жолды салды. Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен, Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

29.09.2021
Просмотров: 1213


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст