"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

#судағықауіпсіздік

15.06.2021

https://www.instagram.com/tv/CP5hPBsDsr_/?utm_medium=share_sheet

Ақмола облысында өзінің баласын құтқарамын деп әйел суға кетті

Ағымдағы жылдың 8 маусымы сағат 13.00 шамасында Нұра өзенінде, Целиноград ауданы Отаутүскен ауылының маңында балық аулау кезінде жазатайым оқиға орын алды. Өзен жағасында жүрген соң қызы анасынан жүзуге рұқсат сұрап суға түскен болатын, бірақ, ағымға қарсы тұра алмады. Мұны көрген анасы баласын құтқаруға асыққанмен, өзеннің осы бөлігіндегі қатты ағысққа төтеп бере алмау нәтижесінде 1978 жылы туған анасы баласын құтқару кезінде суға батып кетті, – деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
2011 жылғы қыз жабайы өсімдіктердің бұтақтарын ұстап үлгеріп, көмекке шақырған. Көмек сұрап айқайлаған дауысты естіген Отаутүскен ауылының тұрғыны қызды құтқарып алады.
Оқиға орнында Нұрсұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмыс істеді, кешкі сағат 19.30 шамасында азаматшаның денесі табылды.
Ақмола облысының ТЖД судағы қарапайым тәртіп ережелерін сақтау қажеттігін тағы да еске салады: тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз, жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз, суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз, егер сіз су айдынында балалармен бірге болсаңыз оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға суға ересектерсіз кіруге рұқсат бермеңіз, жүзу құралдарын пайдалана отырып, балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз.
Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы нәтижелерге әкеп соқтыруы мүмкін екендігін естен шығармаңыз!

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст