"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

#жастүлек2021

01.06.2021

https://www.instagram.com/tv/CPXF2idj5XV/?utm_medium=share_sheet

Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2020-2021 оқу жылының түлектері Амангелді Меруерт,Садуова Айзада,Сәрсенбаева Әсияның сүйікті мектебіне,ұстаздарына игі тілектері.
Біз «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. 
Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс коңыраудың үнін естімейді. 
Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа тармаса отырмаймыз. 
Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз! 
Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім-тәрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетасы – фундаментін қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап жүрегіміз лүпіл қағып тұр!
Мектебіміздің ұстаздарына алғысымыз зор!
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан жақын, жаты...
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін.

https://www.instagram.com/p/CPX8zu7jsil/?utm_medium=share_sheet

Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің жас түлегі, "Үздік аттестатқа" үміткер, мектебіміздің белсеңдісі Сағынтаев Ахзаптың өзінің сүйікті мектебі және аяулы ұстаздарына шың жүректен арналған тілегі.

Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде
Шарықтап биік қиялым,
Шаттанып шексіз сый алдым
Анадай ұстаз мектебім
Алғысым айтар көп менің!

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің.

Өтті бізден бабалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез-даналық
Ұсынғалы адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілеймін
Бақыт, табыс,амандық!!!

https://www.instagram.com/tv/CPYaNIBjviP/?utm_medium=share_sheet

 

 

Просмотров: 347


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст