https://www.instagram.com/tv/CPVcmiXDQr2/?utm_medium=share_sheet
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 25 мамыр 2021 жылы 15 жас түлегің алақанынан ұшырғалы отыр.
Арман қуған, алаулаған жүректері,
Мақсаты да мұраты бір тілектері.
Жас қырандай қанат қағар қияға алыс,
Жолың болсын, мектептің жас түлектері!
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесі түлектердің жүрегінде мәңгілікке сақталары сөзсіз.
Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін!