«Қош бол, алтын ұя-мектебім»!
25 мамыр күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір –
түкпіріндегі білім ордаларында - мектептерде 2017-2018 оқу жылының «Соңғы
қоңырау» мерекесі өткізілді. Бұл мереке-11 жыл бойы тәлім – тәрбие берген
ұстаздар мен ата - аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің
мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні.
Бұл –алтын
ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын, жастар үшін ең бір қымбат, ең бір
қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентелік сәт.
Біздің №24
Жалғызқұдық орта мектебі де бір топ түлектерін алтын ұядан ұшырды.
Салтанатты
жиынымыздың құрметті қонағы, Целиноград ауданының мәслихат депутаты Қойлыбаев
Ғалым Жақсылықұлы алғашқы құттықтау сөзінде биылғы түлектердің мектеп бітіруі
еліміздің үлкен мерейтойы-Астанамыздың 20-жылдығымен шектесіп отырғаны-үлкен
қуаныш екендігін айта кетті.
Краснояр
ауылдық аймағының бас маманы Нуртазина Гүлзира Кәрібайқызы түлектерді
құттықтап, жоғары оқу орнына түсіп, оқып шығып, ауылдық аймақтар мамандары
болуға тілегін білдірді.
№24
Жалғызқұдық орта мектебінің директоры Смаилов Рахымжан Жанабайұлы өзінің
құттықтау сөзінде түлектеріміз мектептің атын жоғары дәрежеде көрсететіндігіне
сенім білдіріп, ақ жол тіледі.
Биылғы оқу
жылында мектебімізді 20 түлек бітірді. Аты затына сай, еңсесі биік, абыройлы
азаматтарды мәпелеп, тәрбиелеген сынып жетекшілері Махамбетова Бибәтима
Тельманқызы сияқты тәжірибелі ұстаз және Моор Татьяна Анатольевна осы балалардан үлкен үміт күтуде. Өйткені,
биылғы түлектер мектебіміздің сыныптан тыс өміріне белсеңді қатысып, аудандық
спорттың кір көтеру (Нурушев Самат, Қапыш Арғын), волейбол, баскетбол, футбол
(Амангелді Дана, Роот Иван ) сияқты әр түрлі салаларында жеңімпаздар атанған
болатын. Сонымен қатар, Дәулетхан Еркеназ және Тасыбай Салтанат түлектеріміз 2016-2017
оқу жылында Түркістан қаласында ғылыми жобаларды қорғау сайысында жүлделі
орындарға ие болып, жеңімпаздар атанған.
№24
Жалғызқұдық орта мектебінің педагогикалық ұжымы осы балаларымыз Ұлттық
Бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, жоғары ұпай жинап, ұстаздарының еңбегін
ақтап, Қазақстанымыздың елеулі азаматтары болуына сенім артады!
№24 Жалғызқұдық орта мектебінің
тәрбие ісінің орынбасары Ахметова А.Ж.