"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

#бастауышмектеп#апталық

27.04.2021

https://www.instagram.com/p/CN7h-_3j-Pk/?igshid=1c2rcusbum9io

Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3"ә"сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Қалмурзина Гүлім Маратқызы "Бұлақ көрсең,көзін аш" ашық сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаттары:
Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту.
Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Су – тіршілік көзі. Ал су анасы – бұлақ. Өмірдің нәрі де, сәні де – су. Ауызсу мәселесі бүгінде алты құрлықты алаңдатып, төрт мұхиттай толғандырып отырғаны жасырын емес. Кешегі заманда да маңызды болған, бүгінгі күнге де, болашақта да өзекті. Армиясыз-ақ баһадүр, академиясыз-ақ ақылы мен парасаты асқан данышпан болып туған ата-бабаларымыз су қадірін әу бастан сергек сезініп, «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп айтып кетті. Нәтижесінде қазақ даласы ұшқан құс пен жүгірген аңның, жұпарын шашқан жауқазын гүлдің де жұмағына айналды.

Просмотров: 396


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст