30.03.2021
https://www.instagram.com/p/CNAz66qDOOx/?igshid=1szbbyj3wawci
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2"А"сыныбы оқушыларының көктемгі демалыс сәттері.Оқушылар ата-аналарымен,аға-апаларымен үстел ойындарын ойнағанды ұнатады екен.
Адам қартая бастаған сәтте ағзаның жұмысы да әлсірей түседі. Бұл – табиғи құбылыс. Дегенмен оның жұмысын тежеп, қартаю процесін шегеруге болатынын білесіз бе?
Орталық жүйке жүйесі есте сақтау, оқу, жазу, түсіну, қабылдау, уақыт кеңістігін сезіну секілді когнитивті қызметке жауап береді. Ал бұл жүйе жұмысының бұзылуының алдын алу үшін үстел ойындарын көп ойнау қажет.
Жас кезінде шахмат, тіпті, карта секілді ойындарға әуес болғандардың қартайған кезде алғырлығы сақталып, есте сақтау қабілетінің қызметі нашарламайды. Эдинбург университетінің ғалымдары арнайы жүргізген зерттеудің нәтижесінде осындай қорытындыға келген. Зерттеуге жас шамасы 70-тердегі қарттар қатысқан.
Дегенмен үстел ойындарын бастаудың ерте-кеші жоқ. Қарт кісілерге де уақыт оздырмай үстел ойынымен дос болуға кеңес береді. Сондай-ақ зерттеу бойынша үстел ойындарының ережелері бірнеше адамның қатысуын талап етеді. Олар үнемі жақын қарым-қатынаста болып, бір-бірімен араласып, ойын арқылы тәжірибе алмасады. Ал бүгінгі таңда біз бір үстелде достарымызбен немесе жақындарымызбен бірге жиналсақ та, назарымыз сматфонда болады екен. Бұл үстел ойындары маңызды қарым-қатынас дағдыларын игеруге, қатынасты жақсартуға көмектеседі деген сөз.