"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

#көктемгідемалыс

30.03.2021

 

https://www.instagram.com/tv/CM7yY-4Dr5P/?igshid=17s39smprxhwp

27наурыз-"Кино күні".
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8"А"сынып оқушылары сынып жетекшісі Жусупбекова Шынар Шаймановнамен қашықтықтан дөңгелек үстел өткізді.Талқылауға берілген мәселе "Менің атым-Қожа" фильміндегі басты рөлдегі кейіпкердің мінезінің рухани-адамгершілік қасиеттері.
Сонымен қатар,оқушылар режиссердің идеясын,түсірілім техникасын,актерлердің ойынын да талқылады.

"Менің атым Қожа" — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – Бердібек Соқпақбаев.
Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.
1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.
Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.

Просмотров: 315


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст