https://www.instagram.com/p/CMt_qKUDGfh/?igshid=13zg0id8o0vl2
Жалғызқұдық ауылы жалпы орта білім беретін 5"А"сынып оқушылары Сағынтай Әлімхан мен Алтын Әділет осы Ұлы мереке күні өз баталарын беруде.
Бата - адал ниет, шынайы тілек білдіру дәстүрі. Сондай-ақ бата - қазақ халқының дінімен біте қайнасқан дәстүрінің көрінісі. Батаны көпті көрген, ортасына сыйлы, аузы дуалы, батагөй қариялар береді.
Халқымыз батаны берілетін жағдайына қарай бірнеше түрге бөлген. Олар: нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, сапар бата, жастарға бата, той батасы, Наурыз батасы, Ораза айт батасы, жарапазан батасы және тағы басқалары.
Осы баталардың ішінде Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні әдетте жасы үлкен кемеңгерлер кішіге бата береді. Жастар таң шапағын күтіп, сол кезеңде ауыл ақсақалдарының, ақылгөй басшылардың батасын алуға асыққан. Наурызда жастар ақсақалдардан, беделді кісіден Наурыз-батасын беріңіз деп бата сұрайды. Ақсақалдардың Наурыз батасы әдетте Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын деп елге, жерге де беріліп жатады.
Наурыз бата
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай!
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай!
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір қалмасын.
Құты қашып жаманның,
Жақсы тапсын жалғасын!
Тыныш болсын даламыз,
Түгел болсын нуымыз!
Таза болсын ауамыз,
Тұнық болсын суымыз!
Қатыгездік жоқ болсын,
Оралмасын кез өгей.
Кірісіміз көп болсын,
Бүгінгі Наурыз көжедей!