https://www.instagram.com/p/CMfRpHsDn4H/?igshid=15p6qxud6el5s
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Үздік педагог-2021" мектепішілік сайысы өтті.
Сайысқа мектебіміздің жеті ұстазы қатысты.Сайыс барысында ұстаздар педагогикалық портфолио,презентация,эссе, хобби бейнебаянын дайындады.Сонымен қатар,әдістемелік бірлестігінің қолдауы да есептелді.Әділқазылар алқасы тәжірибелі ұстаздар қауымынан құрылды.
Сайыс нәтижесінде "Ең ұйымшыл ӘБ атағын - гуманитарлық бірлестігі иеленді,ал "Үздік педагог-2021" және Гран-при жеңімпазы гуманитарлық бірлестігінен орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Жетушакова Әсел Хасымовна аталды.Ұстаз мектеп абыройын қорғауға аудандық сайысқа жолдама алды.
Ұстазымызға тек қана сәттілік және аудандық сайыста жеңіс тілейміз!
📚📚📚📚📚📚📚📚📚📚