"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

#Шежіре#күні

17.03.2021

https://www.instagram.com/tv/CMdpPgfjKR6/?igshid=1bew9ggcfbfmx

16 наурыз-"Шежіре күні".
Жалғызқұдық ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 6"А"сынып оқушылары "Қазақ шежіресі"тақырыбындағы мәлімет берді.
Сынып жетекшісі:Жакутова Баян Едигиновна.
Шежіре күні. Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен ата-бабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған, көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр отбасының үлкендері өмірден өткен ата-бабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін, қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.

Қазақ халқының ерте ғасырлардан бері түбірін жайған шежіресінен оның туыстық байланыстарын ұғындыруға арналған әдебиеттердің, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз – қазақ, һәм хандар шежіресі», «Қазақтың ата тарату шежіресі», Тілеке Жеңістің «Шежіре» және т.б. шығармалардың құндылығы жоғары. Шежіре жайлы кітаптар рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту тұсында, еліміздің тарихын терең білуге, жас ұрпақтың санасы мен рухани мәдениетінің жоғарлауына ықпалын тигізеді.пе

Просмотров: 423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст