https://www.instagram.com/p/CMPypDbjaOa/?igshid=12p2ubax4w3zn
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің "Жас Ұлан"БҰ Ұланбасшысы Қавир Диана өзінің жеті атасының шежіресімен таныстырды.Жас ұрпақ үшін-жеті атасын білу,қандай абырой,мақтаныш,ата-бабаларына деген құрметі!
Жеті ата — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған. Ататек атаулары: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Бұдан әрі туыстық атаулар: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Соңғы түйіндеуші буын, әдетте, ру есіміне тіреледі. Немесе, керісінше, руынан бастап сатылап өз әкесіне яки өзіне дейін таратылады. Өз ата-бабасын, жеті атасына дейін білу әрбір азамат үшін міндет болған және сол білігі арқылы ол өз халқының дәстүрін жалғастырып отырған. Мұның өзі қазақтардың этникалық ерекшеліктерін танытады, әрі оның қиын-қыстау кезеңдерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа халықтармен ассимиляцияғатүсіп кетпеуіне себепші болған. Жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген қазақтар үшін өмірлік қажеттілік болды. Жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы “қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған” деген ұстанымды орнықтырған.