"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі"
"Коммунальное Государственное учреждение Общеобразовательная школа села Жалгизкудук отдел образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

#Қазақстан#тәуелсіздігіге#30#жыл

09.03.2021

https://www.instagram.com/p/CMB3312juew/?igshid=122n8li8cb5os

Бүгін қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туған күні. Әлихан Бөкейхан – даңқты қоғам және мемлекет қайраткері. Оның бастамасымен «Қазақ» газеті ашылды, «Алаш» партиясы, кейін Алаш Үкіметі құрылды. Ол қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық негізін қалаушы әрі жетекшісі, қазақтың «Алаш» атты тұңғыш саяси партиясының әрі Қазақ-қырғыз ұлттық-территориялық автономиясының төрағасы болды. 1917 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, 1920 жылдың тамызына дейін қызмет еткен Алаш автономиясы бүгінгі Қазақстанның негізін қалап берді десек болады. Қазақтың бағына біткен осы баға жетпес бағылан ұлт үшін қандай ұлы істер істегенін, бұл жолда қаншама тар жол, тайғақ кешкенін, елім деп еміренген жүрегінің жалынын түрме де, темір тордың іші-сыртындағы қинау да сөндіре алмағанын, қаһарман азаматтың қайсар рухы мұқалмай, қиындық көрген сайын тас қайраққа қайралған болаттай өткірлене түскенін көзіқарақты халықтың өзі де біледі. Әлихан Бөкейхан: «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген сертке соққан семсердей сөзін өзінің бүкіл саналы өмірімен ақтап шықты. Тарихтың дауылы мен жауынында тапқанынан жоғалтқаны көп қазаққа керекті түгендейтін кез келді. Сол көп керектің ең бастылары: ұлттық рухты асқақтату, мемлекетшіл, халықшыл, елшіл болу, жағымды мағынадағы ұлтшылдық. Елге, халыққа ауадай қажет осы хас қасиеттердің бәрі – Әлихан еңбектерінде.Әлихан бастаған Алаш арыстары аңсаған азаттықтың да міне биыл ордалы 30 жылдық тойын атап өткелі отырмыз. Бұл – біздің бүгінгі ұрпаққа бұйырған баға жетпес ұлы бақыт. Ендеше сол бақытымыз баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы жолында баршамыз қызмет ете берейік. Біз – тәуелсіз Қазақстан азаматтары Әлихан аңсаған асыл арманға жеткен бақытты ұрпақпыз!

Просмотров: 281


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі
Текст