https://www.instagram.com/p/CL-y_yBjZMl/?igshid=1ae105nln51ti
Жалғызқұдық ауылы жалпы орта мектебінің жаратылыстану-математикалылық пәндер апталығы аясында химия және биология пәні мұғалімі Шакиров Алмат Балғабайұлы 9"А"сыныбында "Адам ағзасының химиялық құрамы.Макроэлементтер, микроэлементтер және олардың маңызы"атты ашық сабағын өткізді. Химия ғылымының қоғамдағы практикалық мәселелерді, табиғат дамуы туралы материалдық көзқарастарды шешу мен жаңа заттар, дәрі-дәрмекті, энергия мен отынның жаңа көздерін табу, тағы басқа адамзат қажетіне керекті көптеген заттар алуда маңызы зор. Химияның басты міндеттерінің қатарына табиғатта кездеспейтін жаңа заттарды қолдан синтездеп алу жатады. Химиялық жолмен көптеген жасанды жаңа заттар алынып, олар шаруашылықтың сан түрлі саласында, күнделікті тұрмыста кең қолданылады. Солардың қатарында өздеріңе таныс пластмассалар, синтездік талшықтар, тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, бояулар бар. Химия техниканың өркендеп дауыныда да, адамдардың тұрмысының жақсаруына да зор үлес қосады.