https://www.instagram.com/p/CL-vn2CDrtD/?igshid=psf2zixhht70
Жалғызқұдық ауылының жалпы білім беретін мектебінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің онкүндігі басталды. Пәндік апталар-оқушылардың оқу іс-әрекетін жандандырудың бір түрі. Сыныптан тыс және сабақтан тыс іс-шаралардың ойын формалары арқылы білім алушылар пәнді тереңдетіп оқуға тартылады. Сыныптан тыс жұмыстың бұл түрі танымдық қызығушылықты қалыптастыруға, жалпы білім деңгейін арттыруға, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған. Пән апталығының артықшылығы-қолайлы шығармашылық атмосфераны құру және балалар ұжымының назарын оқу пәніне аудару. Өткізу мақсаты: Пәндерді оқуға деген танымдық қызығушылықты дамыту, сабақта алған білімдерін қызықты түрде кеңейту және тереңдету, олардың өмірде кең қолданылуын көрсету. Оқушылардың шығармашылыққа деген ұмтылысын ояту, олардың тез ойлау қабілетін дамыту, қиын жағдайларда тапқырлық таныту, дамуға үлес қосқан ғалымдармен таныстыру