Текст
https://www.instagram.com/p/CLd6thHl6d1/?igshid=1gdrxiloknsqn
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде "Ыбырай-ұлы ағартушы педагог" атты адалдық сағаттары өткізілді.
Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, білімнің көшбасшысы, алғашқы ұстазы болып Ыбырай Алтынсарин қашан да тарих биігінде тұра берері хақ.Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды.
Ы. Алтынсариннің шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.