https://www.instagram.com/tv/CLmnrnejEOq/?igshid=1elwy6dj1z88k
Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3"Ә"сыныбында сынып жетекшісі Қалмурзина Гүлім Маратқызы ұлы ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарыұлының 180-жылдығына арналған адалдық сағаты.
Адамгершілікке тəрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.
Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде.
Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді.
Ы. Алтынсариннің ұрпағына қалдырған мұрасы –ұлан-ғайыр. Небәрі жарты ғасырға жуық өмір кешкен ұстаздың өнегелі еңбегі жан – жақты зерттеліп, туған халқының керегіне жарауда.
Оның күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұраны іспетті «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңінің неге тұрады?! «Біз болмасақ, Сіз барсыз, үміт еткен достарым»,- деп өзі бастаған оқу – ағарту жұмыстарының алуан қырлы асқарлы істерін, бүкіл ұлт болашағын келер ұрпағына үлкен үмітпен жүктеп, келешектен қуаныш күткен ұлы ұстаздың тындырғаны көп болса да, түнек құрсауындағы қалың елінің білім нәрінен жаппай сусындатып, ғылым мен өнер үйренуінен армандауымен кеткен.
Ыбырай салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған,тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын табуда.