Текст
28.10.2020
Мектепішілік "Фариза оқуларының" қорытындылары
23.10.2020
2020 жылдың 1 қыркүйек күні "Nur Otan" партиясының Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі жанындағы "111 Жедел қызметі" байланыс орталығы өз жұмысын бастап, барлық мемлекеттік органдармен және 2324 жедел әрекет ету топтарымен тікелей көмек ұйымдастыруда. Барлық өтініштер "Nur Otan" партиясының өңірлік филиалдарының бақылауында болады. "Nur Otan" партиясы жанындағы "111 Жедел қызметі" байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрғандығы, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалынғандығы туралы хабарлауға немесе біреу балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, қауіпті жоғары вольтты электр желісін, ашық су көзін көргенін хабарлау үшін ашылды. "111" нөмірі - 24/7 жұмыс істейді; "111" нөмірі - конфиденциалды; "111" нөмірі - тәулік бойы ІІД және өңірлік жедел әрекет ету топтарымен байланыста; ”111” нөмірі балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды; Барлық қоңыраулар тіркеледі. Әрбір қоңырау шалушыға мәселе бойынша қандай шаралар қабылданғаны туралы кері байланыс беріледі. Әрқайсымыздың бұл тақырыпқа барынша ден қоюымыз маңызды. Баланың, әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнгеніне күдік туған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік танытып, “111”-ге хабарлау қажет. Әрқайсымыз "111" нөміріне құқық бұзушылық туралы дер кезінде хабарлау арқылы отбасының, әйелдер мен балалардың қорғаушысы бола аламыз және болуға тиіспіз.
20.10.2020
"Халықаралық қыздар күніне" арналған "Қыз - өмірдің қызғалдағы"атты бейнечелленджі. Қыздар өздерінің шаш үлгісі және киім үлгісінен суреттерін жіберді.
19.10.2020
Ағылшын тілінен Республикалық олимпиада жеңімпазы
19.10.2020
Ұлы Абайдың 175жылдығына
19.10.2020
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер!!!
14.10.2020
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен "Мың бала" интеллектуалды білім сайтының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен Республикалық "Үздік қолөнер", "Мұғалімдер күні" номинациясы бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін оқушылары І -дәрежелі дипломмен марапатталды!
14.10.2020
Халықаралық ағылшын тілі пәні бойынша өткен байқауының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды!
14.10.2020
13.10.2020ж. №24 Жалғызқұдық орта мектебінің мұғалімдері экологиялық сенбілік өткізді. Сенбілік мектеп территориясындағы аулада өтті. Мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарына барлық ұстаздар белсене қатысты!
22.09.2020
2020-2021 оқу жылында тіл мерекесінің онкүндігіне орай өткізілген іс-шараның есебі.